20.06.2024, 17:00
Оқылды: 180

Жәнібек ауданында Мемлекеттік рәміздердің күйі қалай?

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әр азаматының қасиетті борышы. Соның бір бөлігі аудан тұрғындары арасында ақпарттық-түсінік жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытында аудан орталығында, ауылдық округтерде түрлі шаралар өткізіліп отырады.

0F7C2325-CC64-4AC6-9834-52A2E4E61B4C

Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі аудандағы мекеме, ұйымдардағы және ауылдық округтердегі мемлекеттік рәміздердің қолданылуына мониторинг жүргізіп, әдістемелік көмектер көрсетіп келеді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесін талқылау мақсатында бүгін аудан әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтіп, оған аудан әкімі Тимур Шиниязов төрағалық етті.

Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

Алдымен аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Испенбетова ауданның білім беру ошақтарында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы туралы баяндаса, Борсы мен Ақоба ауылдық округтерінде мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау бойынша жүргізілген жұмыстары хақында аталған округтердің әкімдері Зинхар Бақтығалиев пен Нұрлыбек Жакин айтып өтті.

99B10D3A-E937-413B-BF7F-0B6B0616E713

Сонымен қатар аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелердегі түнгі уақытта

мемлекеттік рәміздеріне жарық түсуі бойынша мониторинг жұмысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Еділ Елемесов баян етті.

– Осы жылдың бірінші тоқсанында аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелердің түнгі уақытта Туға жарық түсірілуіне мониторинг жүргізілген болатын. Мониторинг аясында аудандық аурухана, аудандық полиция бөлімі, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде мемлекеттік Туға жарық түспегені анықталды. Аталған мекемелердің басшыларына ескертіліп, дер кезінде кемшіліктер жойылды.

Сол сияқты мамыр айында жүргізілген мониторинг аясында аудандық аумақтық инспекциясы, аудандық білім беру бөлімі, аудандық аурухана, аудандық полиция бөлімі, №1 мектеп лицейі, аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ғимараттарының сыртындағы мемлекеттік Туларға жарық түсірілмеген. Мекеме басшыларына ескертілді. Одан бөлек, күндізгі уақытта ғимарат сыртындағы мемлекеттік Туға мониторинг жүргізіліп, аудандық кірістер басқармасының және полиция бөлімінің ғимаратындағы мемлекеттік Туы жыртылған болатын.

Дер кезінде ескертіліп, ауыстырылды. Сол сияқты аудандық қазынашылық басқармасы, аудандық аурухана, аудандық мәслихат бөлімдерінің ғимарат сыртындағы мемлекеттік Тулары тозып, түсі өңіп кеткен болса, қазіргі таңда кемшіліктер жойылды. Алдағы уақытта мониторинг жұмысы жалғасын табады, - деді Еділ Ғалымжанұлы.

Жиынды Тимур Серікұлы қорытындылады.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале