16.04.2025, 15:45
Оқылды: 414

Жәнібек ауданында модульді спортзалдың құрылысы басталды

Аудан халқын спортқа жақын екенін жақсы білетін аудан басшысы Тимур Шиниязов ауданда спорт нысандарының көбірек болғанын назарға алып, құрылыстарына атсалысуда.

image-16-04-25-01-43-4

Қазіргі таңда Жақсыбай ауылында мәдени-спорт кешенінің құрылысы жүріп жатса, күні кеше аудан орталығындағы М.Мәметова мен А.Иманов көшелерінің қиылысынан жаңа модульді спортзалының құрылысы басталды. Тимур Серікұлы мен оның орынбасары Мирболат Бисенов құрылысы басына барып, мердігермен кездесіп, жұмыс барысын талқылады. Спортзал құрылысын «Техмонтаж-Астана» ЖШС атқаратын болады. Құрылыс құны 185 млн теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда құрылыс материалдары тасылуда. Ғимарат салынғаннан кейін іші заманауи спорттық құрал-жабдықтар мен кәсіби тренажерлермен қамтылатын болады.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

image-16-04-25-01-43-4 image-16-04-25-01-43-2 image-16-04-25-01-43-1 image-16-04-25-01-43

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале