31.01.2025, 14:30
Оқылды: 204

Жәнібек ауданында сайлау күні аталып өтілуде

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалымен  дүниежүзілік сайлау күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиналысқа аудандық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Куанәлиев, аудан прокуроры Асқар Мереке, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Жанболат Мұқашев, қоғамдық бірлестік жетекшілері, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, сайлау саласының ардагерлері қатысты. 
image-31-01-25-01-04-6
Жиынды ашқан Тимур Серікұлы: «Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.
image-31-01-25-01-04-7
Дүниежүзілік сайлау күнін құра отырып, ұйымдастырушылар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселесіне адамдардың назарын аударуға тырысты. Бұл күннің басты мақсаты қоғам санасында демократияландыру үдерісінің қайтымсыздығын растау, халықты сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы хабардар ету, жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұмтылысты қалыптастыру.
image-31-01-25-01-04-3
Олай болса, баршаңызды дүниежүзілік сайлау күнімен шын жүректен құттықтаймын»- деді.
Әрмен қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Хаирлиев ауданымыздағы сайлау жүйесінің кешегі мен бүгіні туралы баяндады.
image-31-01-25-01-04-5
Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссиясында нәтижелі еңбек еткен Нұрман Түменов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Тахир Қадимов құттықтау сөз сөйледі.
image-31-01-25-01-04-1
Содан соң аудан басшысы бір топ сайлау жүйесінің ардагері мен комиссия мүшелерін түрлі марапаттармен марапаттады. Дәлірек айтсақ, Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Жоламановтың алғысхаты сайлау жүйесінің ардагерлері Махамбет Нысанбаев пен Мәриям Неғметова, №139 учаскелік сайлау комиссия төрағасының орынбасары Лариса Абдуғалиева, №136 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Сәния Оңдағановаға табысталды.
Сонымен қатар аудан әкімі Т.Шиниязовтың алғысхаты №138 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Максим Сүндетов, №139 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Айсұлу Абдолова, №140 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Салтанат Темірғалиеваға берілді. Сол сияқты аудан әкімінің құттықтаухатын сайлау жүйесінің ардагерлері Нұрман Түменов, Ерсайын Құбашев, Бәтима Масанова, Айгүл Мәжитова, Насиха Абдығалиева, Гүлжиян Ниязалиева, Асқар Құсайынов, Қабаш Жүнісов алды.
Жиын аяқталғаннан кейін сайлау жүйесінің ардагерлері аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жеріне барып, жұмысымен танысты.
Түстен кейін сағат 16:00-де «Жәнібек» спорт клубында аудан орталығында орналасқан бес учаскелік сайлау комиссия мүшелері арасында спорттық сайыстар өтеді.
Гүлзара Мәди, 
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале