Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Аталған мереке елдегі спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді дәріптеп, спортшыларды ынталандыруға арналған.
Мерекеге орай орталық алаңда өткен салтанатты құттықтау шарасында Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов сөз алып барша спортшыны кәсіби мерекемен құттықтай отырып, ауданымыздағы спорттың дамуына елеулі үлесін қосып жүрген бірқатар азамат пен әртүрлі спорт түрлерінен республикалық, облыстық деңгейдегі сайыстардан жоғары көрсеткіштер көрсетіп, аудан атын паш етіп жүрген спорттағы мықтыларымызға алда да үлкен белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.
Аталған жиында Дастан Қаршығаұлы, Аманжол Қазбекұлы, Айдана Ерболатқызы, Батырхан Сәрсенұлы, Ерғазы Серғалиұлы, Ақнұрлы Мэлсқызы, Райымбек Өмірбекұлы, Миржан Жанболатұлы, Далида Мұратқызы, Еділ Ғалымжанұлы, Ернар Бауыржанұлы, Жансерік Қайратұлы, Ермахан Қадырболатұлына мерекеге орай аудан әкімі Тимур Шиниязовтың алғысхаты табыс етілді.
Энель Жарасұлына «Футболдан Қазақстан Республикасының I разрядты спортшы» спорттық разряды табысталса, «Футзалдан Қазақстан Республикасының I разрядты спортшы» спорттық разряды Бекзат Есболатұлы, Есімжан Маралұлы, Ұлан Асқарұлы, Даниял Дастанұлы, Айбар Ержанұлы, Расул Ақылбекұлы, Әли Әлібекұлы, Жақсыбек Жақсылықұлы, Батырхан Айболатұлына берілді.
Ал «Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» спорттық разряды Диас Рафхатұлына, «Самбодан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» спорттық разряды Нұржас Нұрымбекұлы мен Нұрәлі Нұрболатұлына табысталды.
«Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев те сөз алып, Нұргелді Шампиев пен Алмат Молдағалиевке өз атынан алғысхат табыстады. Марапаттау рәсімі Спорт күні мерекесіне орай өткізілген спорттық сайыспен өз жалғасын тапты.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы