13.04.2025, 15:30
Оқылды: 77

Жәнібек ауданында тай жарысы өтті

20 наурызда Батыс Қазақстан облысында ұлттық спорт түрлерінен өтетін «Бабалар ізімен» облыстық лиганың ашылу салтанаты өткен болатын. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған спорт жарысының бағдарламасына асық ату, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек, қазақ күресі және тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлері енді. Бірнеше айға созылған бәсекеге Орал қаласы мен аудандардан 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

image-13-04-25-01-04-7

Қазіргі таңда елмен бірге жасасып келе жатқан спорт түрлерімізді кеңінен насихаттап, салауатты өмір салтын ұстанушылардың санын арттыру және жастар мен жеткіншектердің жалпы халықтық ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен додалар бастау алды.

image-13-04-25-01-04-9
​Осы орайда бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы атшабар алаңында облыстық лиғаға жолдама алу үшін ұлттық спорт түрінен тай жарысы өтті. Іріктеуден өткен бес тай мамыр айында Орал қаласында өтетін облыстық лигада өнер көрсететін болады.

image-13-04-25-01-04-8
​Орын алғандарды атап өтсек, Ақоба ауылынан Жансерік Қалмияровтың «Көзайым» атты тайы, шабандозы Ансар Боранбай бірінші болып мәре сызығын кесті. 2-орынды жәнібектік Қуандық Мұстахтың «Рауза» атты тайы, шабандозы Арлан Ақмұхан алса, 3-орынға ақобалық Ринат Қалмияровтың «Абырой» атты тайы, шабандозы Нұртас Қайрат тұрақтады. 4-орын жақсыбайлық Батих Бисековтың «Ақмарал» атты тайы, шабандозы Нұрасыл Сапарғалиге бұйырды. Бесінші болып тағы да ақобалық Жансерік Қалмияровтың «Көзмоншақ» атты тайы, шабандозы Азамат Атамбек келді.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале