5.10.2024, 16:35
Оқылды: 7

Жәнібек ауданында ұстаздар күні аталып өтті

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезде ұлт болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлуінде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, һәм жүрегі – мұғалім.

image-05-10-24-07-52-8

Кеше Жәнібек аудандық мәдениет үйінде ұлт тірегі ұлағатты ұстаздарымызды кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтау мақсатында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиын өтті.

image-05-10-24-07-52-10

Жиынның алдында аудандық мәдениет үйінің файесінде ұстаздар қауымының тырнақалды жұмыстары келушілер назарына ұсынылды.

image-05-10-24-07-52-7

image-05-10-24-07-52-9

Ал жас жеткіншектеріміз залда отырған ардагер ұстаздарымызға «сыйластық гүлдерін» тарту етті. Салтанатты шараға ауданымыздың және ауданға қарасты 9 ауылдық округтің білім ошақтарында қызмет атқарып жүрген ұстаздар қауымы арнайы келді. Жиын басында сөз алған аудан әкімі Тимур Шиниязов ұстаздар қауымын тағы бір мәрте құттықтап, олардың ерен еңбектерінің маңыздылығына және әрқашан жоғары құрметке ие екендігіне тоқталды.

image-05-10-24-07-52-2

Әрмен қарай аудан әкімі түрлі дәрежедегі алғысхаттар мен құрмет грамоталарын өз иелеріне табыс етті.

image-05-10-24-07-52-5

Соның ішінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен Жасқайрат Каргин, Нәсіпханым Сейітқалиева, Жанаргүл Сексенбаева марапатталса, қазақстандық Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Еркін Есенова,«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына ciңіpген еңбегі үшін» төсбелгісі Күләнда Ғабдуллина, қазақстандық Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен Гүлбарам Исентаева марапатталды.

Облыс әкімінің алғысхатына Әдемі Құсайнова ие болды. Одан бөлек бір топ ұстазға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаевтың алғысхаты, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, облыстық білім басқармасының, аудан әкімінің,Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиевтің алғысхаттары, қазақстандық Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы, облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының Кұрмет грамотасы», аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы», аудандық білім бөлімінің, облыстық, аудандық кәсіподақ ұйымдарының алғысхаттары табысталды. Сонымен бірге Теректі ауданында өткен облыстық отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» жарысында Жәнібек ауданы атынан қатысқан Сикеновтар отбасына І орынға ие болғаны үшін аудан әкімінің алғысхаты мен естелік сыйлық берілді.

image-05-10-24-07-52-6

Шара барысында ауданымыздың білім саласының қызметкерлері өнерден де кенде еместіктерін көрсетіп Ғ.Абдуллин атындағы орта мектебінің педагогтері «Жас ұстаздан Ұлағатты ұстазға» атты шығармашылық қойылымын қойса, «Алтын ұя» бөбекжайының тәрбиешілері «Киіз үй» биін орындады. Талаптары таудай «Балдәурен» бөбекжайының кішкентай тәрбиеленушілері «Рахмет деп айтамыз тәрбиеші апайға!» әнімен көрермен көзайымына айналды.

image-05-10-24-07-52-1

Эстрадалық вокал классының оқушылары «Ұстазым» әнін шырқап, Т.Жароков атындағы орта мектебінің білім алушылары «Жас мамандар биін» билеп салтанатты кештің сәнін кіргізді.

image-05-10-24-07-52

Аудандық саз мектебінің эстрадалық вокал тобының оқытушысы Аслан Боранбаев «Ұстазым» әнімен шараны қорытындылады.

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале