4.02.2021, 18:54
Оқылды: 80

Жәнібек ауданында жолдар жөнделіп, үйлер салынуда

Жәнібек ауданында құрылыс саласы қарқынды дамуда. Республикалық бюджеттен 134,4 млн. теңге қаражат бөлініп, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Жәнібек ауылында 2 қабатты 12 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

 үй1

Сонымен қатар, сол үйдің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны 72,2 млн. теңгені құрайды. Ұзынкөл ауылдық округіндегі Жәнібек ООС суландыру каналдарын реконструкциялау жұмыстары да жүзеге асырылуда.

Жәнібек ауылында 160 көрермен орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде.

үй2

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша құны 97,5 млн. теңгені құрайтын «Жәнібек ауданы Жәнібек ауылының Абай көшесінің автомобиль жолының орташа жөндеуі» жүргізілді. Сондай-ақ «Жәнібек-Талов-Кіші Өзен автомобиль жолының 2-27 шақырым аралығы» автомобиль жолын орта жөңдеу бойынша жұмыстар басталды. Құрылыс монтаждау жұмыстарының құны 1 млрд 338 млн. теңгені құрайды. Бұл жоба 2 кезеңнен тұрады (2020-2021 ж.ж). Жәнібек-Талов-Кіші Өзен автомобиль жолының 2-27 шақырымын орта жөңдеу бойынша автомобиль жолының 13,3 шақырымына ресайклинг әдісі қолданылып, асфальт жабыны төселді.

үй3

Өткен жылы «Ұзынкөл ауылына кіреберіс 0-2 шақырым автомобиль жолдарын орта жөңдеу» жұмыстары атқарылды. Құрылыс монтаждау жұмыстарының құны 106 млн. теңге. Тау ауылына кіреберіс 0-5 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келісім шарт бойынша жұмыс құны 76,5 млн. теңгені құрайды.

Аудандық бюджеттен 49 млн. 122 мың теңге қаражат бөлініп, Жәнібек ауылының 9 көшесі жарықтандырылды.

Г.Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале