12.03.2025, 19:01
Оқылды: 232

Жәнібек ауданында «Жұлдызай-2025» фестивалі өтті

Бүгін Жәнібек ауданындағы №1 мектеп-лицей базасында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ХХ «Жұлдызай-2025» республикалық мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы фестивалінің аудандық кезеңі өтті. 

image-12-03-25-12-47-6 (1)

​Байқауға қатысушылар «Вокал», «Хореография», «Аспапта орындау» аталымдары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

​Фестивальдің ашылуында аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Жанар Жұмалиева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

image-12-03-25-12-47-5 (1)

​Фестивальге ауылдардан келген 10 оқушы сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті.

image-12-03-25-12-47-3 (1)

​Байқаудың қорытындысы бойынша «Вокал» аталымы бойынша жүлделі 2-орынды Т.Жароков атындағы орта мектебінің оқушысы Нұрлы Ғаламат алса, А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің оқушысы Дина Қанатбай облыстық кезеңге өтті.

image-12-03-25-12-47-4 (1)

​«Хореография» аталымы бойынша жүлделі 3-орыннан А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің оқушысы Жансая Жендетқали, Х.Халиуллин атындағы орта мектебінің оқушысы Айбын Әдірхан, Ө.Сахипов атындағы орта мектебінің оқушылары Наргиза Сәбекен мен Ақниет Қадырболат көрінді. Ал жүлделі 2-орынды Т.Жароков атындағы орта мектептің оқушылары Алмат Сағынғали мен Мержан Уәли иеленді. Ғ.Абдуллин атындағы орта мектебінің оқушылары Әділхан Қадырболат пен Асылжан Уәлиолла облыстық кезеңге өтіп, аудан намысын қорғайтын болады.

image-12-03-25-12-47-2 image-12-03-25-12-47

​Байқау соңында өнерлі балалар «Жұлдызайдың» гимнін шырқап, мәре-сәре болып, тарқасты.

​Айта кету керек ХХ «Жұлдызай» республикалық мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы фестивалінің аудандық кезеңіне «БатысБизнесСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілік көрсетті.

Бану Самат,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале