5.07.2024, 19:00
Оқылды: 46

Жәнібек ауданында жүзуден турнир өтті

Жәнібек ауданы орталығындағы ДЭУ бассейнінде Астана күніне орай жүзуден ерлер арасында жарыс өтті. Ашылу салтанатына «Жәнібек» спорт клубының басшысы Бекжан Нығыметов қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
BEB53A7B-8EEE-4543-9DE3-943002E95302
Нәтижесінде 18-25 жас аралығында жүлделі 1 орынды Алихан Сәдуақасов қанжығасына байласа, 2 орынды Аманжол Қабдолов еншілеп, 3 орынды Мержан Теміржанов місе тұтты.
25-35 жас арасынан суырылып алға шыққан Марлен Бисеков жеңіс тұғырынан көрінсе, 2 орынды Райымбек Нұрғалиев, 3 орынды Рүстем Қойбағаров иеленді.
D2DDBCB9-A166-4FA2-97D0-BAF10F38B604
35 жастан жоғары 1 орынға Миржан Мұстафин лайықты болса, 2 орын Қанат Садықовқа, ал 3 орын Досжан Үмбеталиевке бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар беріліп, ақшалай сыйлықтар табысталды.
Бану Самат
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале