19.11.2024, 23:22
Оқылды: 54

Жәнібек ауданында жыл аяғында 13 пәтердің кілті табысталады

Биыл Жәнібек ауданы бойынша үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 жылдан 2029 жылға дейінгі» тұжырымдамасына сәйкес құрылысы жоспарланған 38 баспананың 28-іне қаржы бөлініп, қазіргі таңда 15 тұрғын үйдің кілті табысталған болатын. Қалған 13 пәтер жыл аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

image-19-11-24-08-29-5

Аудан әкімі Тимур Шиниязов пен оның орынбасары Жақсылық Абдолов Ұзынкөл мен Жәнібек ауылдарында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлерге барып, құрылыс барысын қадағалады.

image-19-11-24-08-29-2

Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер һәм ауыл тұрғындарына жұмысты сапалы әрі уақытында бітіру керектігін тапсырды.

image-19-11-24-08-29-3

Айта кету керек, аталған ауылдардағы құрылыс жұмыстарға жергілікті жерден 10 адам жұмысқа тартылды.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале