Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мекемелер арасында өтіп жатқан «Қаһарман аудан – Жәнібек» фестиваль-байқауы жұртшылық назарында.

Бұған дейін М.Ықсанов атындағы колледж, А.Оразбаева атындағы негізгі мектеп ұжымы өнер көрсеткен байқауда кезек Сапар Мәмбеталиевтің басшылығындағы №1 мектеп-лицейі ұжымына жетті.

Олар «Қазақтың батыр қызы – Мәншүк» тақырыбында бағдарлама дайындап, халыққа мазмұны терең тың дүние мен ұмытылмас әсер сыйлады.

20 жастан асқан шағында Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген біздің жерлесіміз Мәншүк Жиенғалиқызының бала кезінен бастап елі үшін ажал құшқан соңғы сәтіне дейінгі өмір жолын бейнелеген қойылымды көрермен жылы қабылдады. Оның ішінде оқылған әр шығарма, орындалған әр ән, сахналық көрініс және хореографиялық нөмір құдды кәсіби мамандардан ұсынылып жатқандай болды.
Бір сөзбен айтқанда, ұжым өнер байқауында үздіктер қатарынан орын алуға лайықты екенін дәлелдеді.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы
