Бүгін М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке мақсаты еңбек нарығындағы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің сұраныстарын қанағаттандыру бағытының бірі болып табылады.
Жәрмеңкенің ашылуында екі қолға бір күрек тапқалы келген жандарға аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов сәттілік тіледі.
Аудандық полиция бөлімі, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, демалыс орталығы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы», қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық аумақтық инспекциясы, «Атаев» ЖК, «Символ» ЖШС, жалпы 15 мекемеден 30 бос жұмыс орын бойынша сұраныс түсті.
Нәтижесінде, жастар тәжірибесіне 1 жас маман, «Күміс жас» санаты бойынша 2 адам жұмысқа орналасса, тұрақты жұмысқа 3 адам жолданды, 10 түлекке жастар тәжірибесі туралы кеңес берілді.
Бану Самат,
Жәнібек ауданы