19.05.2024, 10:30
Оқылды: 8

Жәнібек ауданындағы балалар саз мектебі жылды қорытындылады

Бүгін Т.Жароков атындағы орта мектебінің акт залында Жәнібек аудандық балалар саз мектебі бір жылдық қорытынды есеп беру кешін өткізді.

image-18-05-24-05-42-1

Бүлдіршіндерді өнерге баулып, сахна мәдениетіне үйретіп, дүбірлі додаларға қатыстырып, қоршаған ортамен карым-қатынасын нығайту мақсатында аудандық балалар саз мектебі биылғы оқу жылын домбыра, фортепиано, қобыз, эстрадалық вокал, гитара, баян, хор мамандықтары бойынша аяқтап отыр.

image-18-05-24-05-42-6

Жылды ойдағыдай қорытындылаған саз мектебінің ұжымын аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Индира Диярова құттықтады.

Аудандық балалар саз мектебінің тәрбиеленушілерінен құралған ұлт аспаптар ансамблі Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының XV «Ұлттық Жастар Дельфий ойындарының» аймақтық іріктеу кезеңіне қатысып, «Фольклорлық аспаптар ансамбль (11-13 жас)» аталымы бойынша жүлделі ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар халық аспаптар «Домбыра» аталымы бойынша домбыра класының оқушысы Қасиет Әділ (8-10 жас) марапатталды. Үздік үштікте өнер көрсеткен шәкірттер Көкшетау қаласында өтетін «Ұлттық Жастар Дельфий ойындарының» халықаралық кезеңіне жолдама алды. Сондай-ақ Орал қаласында «Олимп» облыстық қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы сайыста «Эстрадалық вокал» класының оқытушысы Асылан Боранбаев пен «Домбыра» аталымы бойынша Алтай Бақтығалиев жүлделі 2-орыннан көрінсе, қатысқандығы үшін сертификатты Есім Тұяқбаев пен Әсел Зейнолла иеленді. Сол сияқты облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылығы байқауында «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша мектеп оқушысы Сабира Рахметолла жүлделі 3-орын алды. Шара барысында балалар саз мектебінің директоры Жақсылық Бисенғалиев мектептің оқытушылары Ақмарал Меңешова мен Гүлмира Құбаеваға аудан әкімі Тимур Шиниязовтың алғысхатын табыстады. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиевтың алғысхатымен Есім Тұяқбаев пен Асылан Боранбаев марапатталса, Алтай Бақтығалиев пен Әсел Зейнолла аудандық балалар саз мектебінің директоры Ж.Бисенғалиевтің алғысхатын алды.

image-18-05-24-05-42-7

Шара аудандық балалар саз мектебінің тәрбиеленушілерінің ұсынған концертімен жалғасын тапты.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале