11.05.2024, 10:30
Оқылды: 123

Жәнібек ауданындағы үш ауылда су құбырлары жаңарады

Жәнібек ауданының Тау, Борсы, Жасқайрат ауылдарында су қысымды мұнарасы, резервуар, насосты станцияларының тозығы жеткен, кейбір үйдің тұрғындары құдықтан су тасып, ішуге мәжбүр болған. Себебі ауыз су құбырлары тозып, су сапасы нашарлаған. 2021 жылы техникалық жағынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы алынды.

IMG-20240511-WA0016

2022 жылы жалпы құны 4 млн 500 мың теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжатама жасақталып, сол жылы сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жасақталған жоба бойынша 21332 метр сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобаланған.

IMG-20240511-WA0017

Биыл 2 мамырдан бастап Тау, Борсы, Жасқайрат ауылдарында ауыз су құбырын қайта құру жұмыстары басталды. Мердігері «Батысгазстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарды бастап та кетті. Құрылыстың жалпы құны 929 млн теңгені құрайды.

IMG-20240511-WA0018

Бүгін аудан әкімі Тимур Шиниязов аталған ауылдарға барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, жұмыс барысымен танысты.

IMG-20240511-WA0012

Жобаның басты мақсаты – үш ауылдағы су құбырын жаңғыртып, су көздеріне жаңадан ұңғымалар соғу, осыған дейін су кірмеген үйлерге су кіргізіп, суды тұщыту және жеткізу құралдарын ауыстыру.

IMG-20240511-WA0015

Реконструкциялау жұмысы 8 айға созылады. Жоба аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болады.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале