9.03.2025, 10:08
Оқылды: 319

Жәнібек ауданының бір топ ардагер азаматтары аруларды төл мерекесімен құттықтады

Шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі Халықаралық әйелдер күні арулардың ешбірі назардан тыс қалмауы тиіс. Дегенмен, ең алдымен қай кезеңде де нәзік жандылардың алдыңғы қатарында тұратын ардагер аналарымыздың мерейін көтеріп, лайықты құрмет көрсету баршамыздың басты міндетіміз болып қалары хақ.

image-07-03-25-08-49-2

Аудандық ардагерлер үйінде «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев бастаған Жәнібек ауданының бір топ ардагер азаматтары қай кезде де белсенді болып, жас буын өкілдеріне үлгі бола біліп жүрген ардагер аналар мен қоғамдық үйымдардың жұмысын өрге домалатып жүрген белсенді ханымдарды мерекелерімен құттықтады.

image-07-03-25-08-49

Құттықтау шарасына жаңа қызметіне белсене кірісіп кеткен аудан әкімнің орынбасары Жаннұр Ахметов те келді. Жиналған әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін үйіп-төккен Жаннұр Бекбауұлы шара барысында жаңа орынбасармен таныс болып үлгермеген ардагерлерге өзін таныстырып өтті.

image-07-03-25-08-49-3

Ер азаматтар тарапынан мейрам иелеріне сыйлықтар табысталып, кеш әрмен қарай мерекелік дастарханда жалғасын тапты.

Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале