26.04.2024, 23:00
Оқылды: 47

Жәнібек ауданының тұрғындары тасаттық садақасын берді

Халқымыздың әдет-ғұрпында ислам дінінен бастау алған тасаттық беру дәстүрі бар. Ол, әсіресе, жауын-шашын аз болған кездері жүзеге асырылады. Осыған орай бүгін Жәнібек ауылының тұрғындары жиналып киіз үй құрып, құрбандық шалып, тасаттық берді.

FB_IMG_1714137628196

Алдымен Жәнібек ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерсайын Құбашев сөз алып, осынау игі іске атсалысқан барша ізгі ниетті қауымға шынайы алғысын білдіріп, жиналған қаржының қайда жұмсалғаны жөнінде есеп берді. Әрі қарай аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев құран оқып, дұға жасаған соң, тасаттық берудің маңызы туралы уағыз айтты.

FB_IMG_1714137623277

Тасаттық барысында сондай-ақ аудандық мәслихаттың төрағасы Тахир Қадимов, ауыл әкімі Абзал Қаратаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, ауыл тұрғындары Әлия Бекесова, Төлеуғаным Аққалиева, тағы басқалар сөз сөйледі. Соңында Жәнібек ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қабаш Жүнісов бата берді.

FB_IMG_1714137617688

- Тасаттықты өткізуге атсалысқан азаматтар мен азаматшалардың қатарында кәсіпкер Бауыржан Сабанов (бір бас малын тегін берген), кәсіпкер Қанат Неғметов (ыдыс-аяқпен көмектескен), көлікпен жәрдемдескен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев, еңбек ардагері Бәтима Азаматова (қыздарымен бірге қазан көтеріп, тамақ пісіріп жүрген) және басқалардың есімдерін ерекше ілтипатпен атап өтуге болады, - дейді Ерсайын Пазылұлы.

Сейіт Қали,

Жәнібек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале