Жәнібек ауылдық округі әкімінің сайлауына үш үміткер өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысты.
Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 4 957 сайлаушының 69,0%-ы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Бұл туралы Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.
Кандидаттар Ғибрат Айтқалиевқа 82%, Үнзила Култановаға 7,7%, Фархинура Нарыноваға 10,3% дауыс берілді. Дауыс беру нәтижесінде Айтқалиев Ғибрат Талғатұлы Жәнібек ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ғибрат Талғатұлы – 1992 жылы туған. Ұлты – қазақ. Осыған дейін Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болған. «AMANAT» партиясының мүшесі.