6.10.2021, 10:57
Оқылды: 33

Жәнібек колледжі үздіктер қатарында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Жетістіктер дефилесі» атты облыстық виртуалды байқауы өткізіліп, оған облысымыздың барлық қалалық және аудандық колледждер қатысты.

IMG-20211006-WA0002

Байқау кәсіптік  білім  беру  ұйымдарының  жұмыс  тәжірибелерімен  өзара бөлісуіне  қолдау  көрсету,  педагогикалық  озат  тәжірибе  алмасу  алаңын құру, әдістемелік  жұмыстарды  жандандыру,  эксперттеу  және  анықтау, жаңа идеялар мен жаңалықтарды енгізілуіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған.

Байқауға қатысушылар «Жетістіктер баспалдағы», «Білім беру үрдісіндегі инновациялық және дәстүрлі үздік әдістер», «Кәсіптік  оқыту: білім сапасы, ізденіс және тәжірибе» және «Тәрбие көзі: отбасы, колледж, әлеуметтік орта» бөлімдерінен құралған, жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспайтын бейне таныстырылымын ұсынды.

Іріктеу нәтижелері бойынша М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі 7 қалалық және 1 аудандық (Теректі) колледждерімен бірге байқаудың екінші кезеңіне өтіп, конкурстық комиссиясының шешімімен ұсынған материалдар үздік деп танылып, колледж ІІ орынға ие болды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале