Ертеңнен бастап №136 «Орал–Жәнібек», «Жәнібек–Орал» бағытында жолаушыларды тасымалдайтын сыйымдылығы 49 орындық жаңа автобус жұмысын бастайды.
Сурет: pixabay.com
Жолаушылар тасымалын ұйымдастырып келе жатқан «У.Сайхатденова» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Марлен Сайхатденовтың айтуынша, автобус ертең Орал қаласынан Жәнібекке қарай бет алады.
Бұдан бұрын жолаушыларды тасымалдап жүрген шағын автобустардың да жұмысы тоқтамайды.
Жол ақысы – өзгеріссіз. Ересектерге 3 100 теңге болса, он бес жасқа дейін балаларға аталған қаржының жартысы төленеді.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы