Бүгін «Жәнібек» спорт клубында маңызды өзгеріс орын алды. Аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрболат Садырбаев аталмыш ұжымның жаңа басшысы Жайдарбек Рахметовты таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Жаннұр Бекбауұлы өз сөзінде спорттың аудан өміріндегі маңызын айта келіп:
- Ауданымыз спорт жетістіктерімен танылып келеді. Бұл бағыттағы еңбекті жалғастыру жаңа басшының жауапты міндеті. Ұжыммен бірлесе отырып, жаңа жобалар мен бастамалар жүзеге асады деп сенеміз. Жайдарбек Нұрболатұлына шығармашылық ой, сергек қадам және қызметтік табыс тілеймін, - деді.

Жайдарбек Рахметов 1985 жылы Жәнібек ауданында дүниеге келген. Ол 2003 жылы Т.Жароков атындағы орта мектепті тәмамдаған. 2005 жылы Алматы қаласындағы Қазақ спорт мектебінде жұмыс істеді. 2011 жылдың қыркүйек айынан күні бүгінге дейін Т.Жароков атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.
Бану Самат
Жәнібек ауданы