26.04.2025, 10:00
Оқылды: 329

Жәнібек төрінде “қанатты қыз” — Хиуаз

Қарапайым еңбек адамы мен мұғалім қызының тағдырына елі үшін ерлермен иық теңестіре, сұм соғыстың қақ ортасында жүрудің жазыларын кім білген. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан әйелдерiн майданның әр тұсынан, әскери құрамалардың әр түрiнен кездестiруге болатын-ды. Олардан, ұшқыш та, танкист те, радист те, барлаушы да, партизан да шықты. d998155e-4410-4eb8-be9a-94e324631bbc
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізіліп жатқан «Қаһарман аудан – Жәнібек» атты фестиваль-байқауының кезекті бағдарламасының тақырыбына арқау болған штурман, гвардия лейтенанты, қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш, жауынгер, батыр қыз Хиуаз Доспанованың өмірі мен ерлігі.

7f78324a-2282-47ee-8652-df3394a7b99c
Ұшқыш қыз әуе көгіндегі өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында болып, 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдесіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған.

fe2d1029-2e8e-4513-8d4d-4ad6a53d16e9
Аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ұжымы мен аудан орталығындағы үш бөбекжай бірге дайындаған бағдарламасында Хиуаз Қайырқызының өмірінен бөлек, жалпы сұм соғыстың сұрықсыз да суық тұстарынан мағыналы да шағын қойылымдар қойып, барлық жағынан көрсете алуымен ерекшеленді. Біріккен құраманың сапының негізі жаңашыл, ұйымшыл жас ұстаздар қауымынан тұрғандықтан ба осы концерттік бағдарлама өте әсерлі, тың дүниелерге толы болды деуге толық негіз бар. Көлеңкелі қойылымды фестиваль басталғаннан бері алғаш болып көрермен назарына ұсынған ұйымдастырушылар осы бір тұста бір қадам алға шыққандай. Жанды дауыста әндер орындаған, шығармалар оқыған ұстаздар қауымы мен балдай балапандардың биге негізделген қойылымдары көпшіліктің көңілінен шыққаны соғылған шапалақтан сезілді. Бір сөзбен айтқанда, тыңғылықты дайындықтың арқасында көрерменге әсерлі кеш сыйлай алды. Төрт мекемеде сен тұр, мен атайындар.

febdc2a3-42bc-43fc-9545-d9a284cd0d01

Дегенмен, қазіргінің тілімен айтқанда үнемі «креативті» ұжым ретінде көзге түсетін алтын ұялықтардың ерекше еңбегін айтып өтпесек сын болары сөзсіз.

Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале