20.01.2021, 12:15
Оқылды: 40

Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарының 11-сынып оқушылары ҰБТ тапсыруда

          Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК БҚО Жәнібек ауылындағы Т.Жароков атындағы орта мектепте орналасқан №811 Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктінің базасында Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы орта мектептердің 11-сынып оқушылары ҰБТ тапсыруға жиналды.

 ubt-20-20

Білім сынағының ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің басшысы, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Бағида Сарбалина сөз сөйлеп, оқушыларға тыйым салынған құралдарды алып кірмеу жөнінде ескертіп, оларға сәттілік тіледі. Елдегі қалыптасқан карантиндік жағдайға байланысты оқушыларға және комиссия мүшелері мен басқа да қызметкерлерге қатысты барлық санитариялық талаптар қатаң сақталып, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді.

Бағида Диясқызының сөзінше, биыл Жәнібек және Бөкей ордасы аудандары бойынша ҰБТ-ға қатысуға 337 оқушы өтініш білдіріпті. Елдегі шектеу шараларына орай олар үш күн қатарынан ҰБТ тапсыратын болады, яғни аудиториялар оқушылармен отыз пайыз ғана қамтамасыз етіледі.

Айта кетерлігі, биыл орта мектептердің 11-сынып оқушыларына ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында төрт рет өткізіледі. Оқушылар қаңтар, наурыз, тамыз айларында ҰБТ-дан сәтті өткен жағдайда қалауы бойынша жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылданатын болады.

Асқар Орынғалиұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале