Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Жастардың оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне, онымен қоса тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты міндеті.
Осы орайда аудан әкімдігінің қолдауымен аудан орталығындағы «Жәнібек» спорт клубының дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің алдына алаңқай салынып, пайдалануға берілді.
Енді спортшылар мен аудан тұрғындары жаттығу мен түрлі спорттық шараларды тамашалауға еш кедергісіз баратын болады.
Алаңқайды жасақтау жұмысын жергілікті мердігер «Mansur Market» ЖШС-і атқарды.
Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың айтуынша, құрылысқа аудан бюджетінен 12 млн теңге қаржы бөлініп, жұмсалды.
1 155 шаршы метр жерге алаң дайындалып, асфальт төсеу жұмысы жүргізілді. Тапсырыс беруші – аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Айта кету керек, алаңқайды автотұрақ ретінде де, сонымен қатар түрлі салтанатты жиындарды өткізуге де пайдалануға болады.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы