Бұл туралы Жәнібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Н.Асылбеков бізге 5 қыркүйекте мәлімет етті.
Оның айтуынша, биылғы көктем-күз аралығында аудан бойынша әскерге шақырылған 194 азаматтың тек 75-і ғана аудандық шақыру комиссиясына келген.
Шақыру комиссиясына ат басын бұрған сол 75 шақырылушының арасында әскерге жарамдылары 11, әскерге шектеулі жарамдылары 10, уақытша жарамсыздары 2, отбасы жағдайы бойынша кейінге қалдырылғандары 2, медициналық тексеруде жүргендері 8, сотталғаны 1, әскерге жарамсыздары 8 және оқуын жалғастыруына сай кейінге қалдырылғандары 31 азамат болып шықты.
–Шақыру комиссиясына келмегендерге шақыру қағазы қайталап беріле тұрса да, олар күні бүгінге дейін біздің бөлімге ат ізін салған жоқ,-дейді аталған бөлім басшысы.
Н.Өтей
zhaikpress.kz