14.06.2024, 16:00
Оқылды: 88

Жәнібекте 3 025 әйел диспансерлік есепте тұр

Бүгін Жәнібекте аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері қатысты.

694593FE-A653-4665-B065-FEB82B54058E

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Алдымен Жәнібек ауылдық округіндегі белсенді әйелдердің үлесі туралы Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев айтып өтті. Мәселен, округ бойынша халық саны 7 843 адамды құраса, солардың 3 874-і әйел қауымы.

Бүгінде ауылда 80-ге жуық көп балалы ана есепте тұр. 39 ана «Алтын алқа», 22 ана «Күміс алқа» иегері. Әкімнің сөзіне сүйенсек, округ бойынша түрлі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, барлық шара әлеуметтік желіде жарияланып, газет бетінде жарық көріп келеді.

Сол сияқты Тау ауылдық округіндегі белсенді әйелдердің үлесі хақында аталған округтің әкімі Кенжебек Еркеғұлов баяндады.

Айтуынша, Тау ауылдық округі бойынша әйелдер кеңесіне Гүлнар Ахметова төрағалық етіп келеді. Кеңес құрамына ауылдың қоғамдық-мәдени салада белсенді 7 әйел адам тіркелген. Округ бойынша халық саны 941 адамды құрайды. Соның 426-сы әйел адам. «Өмір гүлін сыйлаған, өзіңсің ана асылым», «Анамдай болған енем», «Жарасым тапқан» тақырыбында алтын той, күміс той иелерімен кездесу кеші, «Ақ кимешек киелім» атты челлендж сынды шаралар ұйымдастырылған.

Сондай-ақ Қамысты ауылдық округінің әкімі Нұрлан Аюпов ауылдағы белсенді әйелдердің үлесіне тоқталып, Қазақстан әйелдерінің асыл аналардың, егістікте, зауытта адал еңбек етіп, қарапайым мұғалім, дәрігер болып, ғылым мен мәдениет саласында жарқырай көрінген талантты қыз-келіншектердің қосқан үлесі аз емес екенін атап өтті.

Округте 514 адам әйел бар. Ауылда 84 көпбалалы ана бар екен. Қуантарлық жағдай. Соның 16-сы «Алтын алқа», 19-ы «Күміс алқа» иегері екен.

0926FEA1-2482-48D9-9AA9-A2B968C08002

Бүгінде ауыл әйелдері фермерлік шаруашылықтарды құрып, сондай-ақ қайырымдылық шараларымен айналысып, қоғамдық бірлестіктерге жетекшілік етіп келеді.

Сонымен қатар медициналық көмек алуға түрлі аурулармен есепте тұрған, мұқтаж әйелдерді аудан бойынша олардың дәрі-дәрмекпен қамтылуы бойынша аудандық аурухананың емдеу бөлімі бойынша орынбасарының міндетін атқарушы Арайлым Молдағалиева баян етті.

– Жәнібек ауданында барлығы 4 391 әйел болса, оның 3 025-і аурулар бойынша диспансерлік есепте тұр. Әлеуметтік маңызы бар аурулар, соның ішінде туберкулезбен ауыратын 9 өйел диспансерлік есепте тұр және олар туберкулезге қарсы препараттармен 100% қамтамасыз етілген. Әлеуметтік көмек ай сайын 36 920 теңге көлемінде төленеді. Сонымен қатар эпилепсиямен ауыратын 26 әйел бар, олар невропатологтың бақылауында тұр және ұстамаларды жеңілдететін дәрілермен қамтамасыз етілген. Психикалық ауруға шалдыққан 40 әйел болса, барлығы тоқсан сайын психиатрдың бақылауында. Ауру асқынған жағдайда медициналық қызметкердің сүйемелдеуімен Орталық клиникалық ауруханаға жатқызылады. 106 әйел қатерлі ісікке шалдыққан. Жыл сайын онколог дәрігер аурудың ауырлығына қарай дәрі-дәрмек жазып беріп, олар паллиативтік көмек алады. Сол сияқты жүрек-қантамыр жүйесі бойынша 1 733 әйел диспансерлік есепте тұр. Барлық диспансерлік науқастар күндізгі, тәулік бойы стационар және үйде ем алады. Ал ауру жеңілдеген жағдайда науқас курорттық емдеуге жіберіледі, - деді Арайлым Құмарғалиқызы.

Жиын барысында комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, кейбір мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды.

Жиынды Жақсылық Каримоллаұлы қорытындылады.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале