Жәнібек аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтың мәліметінше, биылғы бекітілген жоспарға сәйкес 26 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамту бағдарламаларына қатыспақ.
Соның ішінде 16 адам тұрақты, 8 адам қоғамдық жұмыс орындарына және 2 адам кәсіптік оқуға жолданады.
–Күні бүгін мүгедек жандардың арасынан 1 адам жастар тәжірибесіне, 1 адам қоғамдық жұмыс орындарына және 1 адам тұрақты жұмысқа жолданды. Қалған 23 орынға мүмкіндігі шектеулі жандар үстіміздегі жылдың аяғына дейін орналасады,-дейді аталған орталықтың директоры.
Н.Өтей
Жәнібек ауданы