29.10.2024, 22:00
Оқылды: 116

Жәнібекте 9 айда 9 өрт оқиғасы тіркелді

Биыл тоғыз ай ішінде Жәнібек аудандық №21 өрт сөндіру бөліміне  түскен жедел мәліметтер бойынша 9 өрт оқиғасы орын алды. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 25 пайызға төмен. Зардап шеккен мен қаза тапқандар тіркелген жоқ. Тоғыз өрттен 12 млн 320 мың теңгеге материалдық залал келтірілді. Аталған санның ішінде 6 өрт оқиғасы тұрғын үй секторында болса, 1 дала және 2 автокөліктегі өрт.  Тұрғын үй секторында орын алған өрт тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтамауынан болған.

firefighters-6689112_1280Сурет: pixabay 

Өрт оқиғаларын алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және № 21 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы мекемелер, білім беру нысандар және тұрғын үйлерді аралап, үй иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты. Сонымен қатар, тұрғын үйдің (пәтердің) өрт қауіпсіздігін қамтамасыздандыру максатында, бірнеше шараны сақтау және орындау ұсынылды. Яғни төтенше жағдайлар бөлімі жылыту пештерді бақылаусыз қалдырмау, пештің горизонтальді және вертикальді бөлігін 38 см кем болмайтындай етіп қалау, еден күймейтіндей пештің алдына көлемі 50x70 см каңылтыр қағу, шатырдағы барлық түтін өтетін мұржалар тазалап, қабырғалар сылау, жылу беру мерзімі алдында және осы мезгіл бойы әр 3 ай сайын пеш мұржасы күйеден тазартылу керек, зауыттан дайындалмаған электр жылыту аспаптарын пайдаланбау, үйдегі электр желілерін жөндеу, электр есептегіштерде зауыттан дайындалған электроқондырғыш қондыру, электр жүйелерін ғимаратқа енгізу «электр қондырғыларды қондыру ережесі» талаптарына сәйкес орындау, ақаулы және істен шыққан электр қосқыштарды, розеткілерді, патрондарды ауыстыру, электр плиткалар, үтіктер, электр шәйнек және керосинмен жанатын кұралдар жанбайтын орнықты жерге орнату, үй жиһаздарын және басқа да жанғыш заттарды газ жабдығынан 20 см қашықтыққа қою, шатырларды, аула аумағын жаңғыш күл қоқыстан тазарту, шаруашылық (сарай, азбар) құрылыстарды сылау (ақтау), күл-қоқыс үшін металл бөшке орнату  немесе құрылыстан 10 метр қашық жерге көміп тастау, тұрғын үйге іргелес аумақты жаңғыш күл-қоқыстан, құрғақ  шөптен тазарту, тез тұтанғыш және жанар-жағармай кұйылған бөшкелерді сондай-ак, газ толтырылған баллондарды өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай сақтау, газ қондырғыларын газ пайдалану ережесіне сай жүргізу және қолдану, тұрғын үйді өрт өшіргішпен, су толтырылған бөшке және шелек, затымен камтамасыз ету, ересектер жоқ кезде кішкентай балаларға өздігінен пеш жағуды немесе жанып жатқан пешті қарауға рұқсат бермеуді сұрайды.

- Өрт байқаған кезде жедел түрде өрт сөндіру бөліміне «101» телефон арқылы хабарласып, өрт кезінде ғимараттан, тұрғын үйден  шығып, өзіңізге өте қажетті құжаттар мен бағалы заттарды алып, өрт туралы көршілеріңізге хабарлаңыз да, газ құбырлары мен электр желілерін ажырату қажет. Сонымен қатар тұрғын үйде электроқондырғылар мен электрсымдарды қадағалап, электрожелісіне электроаспаптарды қараусыз қосып қалдырмаңыз. Отпен абай болмау – өрттің негізгі  себебі. Тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар! Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз!- дейді Жәнібек аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале