6.03.2018, 10:38
Оқылды: 78

Жәнібекте әйелдер арасында волейболдан турнир өтті

Халықаралық әйелдер күніне арналған волейболдан әйелдер командалары арасында Жәнібек ауданының турнирі өтті.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жиналған спортсүйер қауым қыз-келіншектер арасындағы тартысты ойын өрнегін тамашалады. Турнирдің ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев әйелдерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, қызықты сайыс тіледі. Ал жас әнші Қажымұқан Хамидоллаұлы  «Қазақ қызы» әнін арнады.

Турнирге жалпы саны 9 команда қатысты. Қорытындысында І орын «Аудан әкімшілігі» командасына, ІІ орын «Т.Жароков атындағы орта мектеп» командасына, ІІІ орын «Аудандық аурухана» командасына бұйырды. Ойында үздік өнер көрсеткен «Т.Жароков атындағы орта мектеп» ойыншысы Ұлмаш Ишанғалиева «Үздік ойыншы», «Алтын ұя» бөбекжайы» командасының ойыншысы Динара Емзалиева «Үздік байланыстырушы», «М.Ықсанов атындағы  колледж» командасының ойыншысы Самал Ахметқалиева «Үздік шабуылдаушы» аталымдарына ие болды.

Жеңіске жеткен командалар мен үздік ойыншылар арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталды.

Ә.Сірәлі

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале