Жәнібек ауданы аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газеті редакциясының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында аймақтық ІІ «Ғұмар Қараш оқулары» шығармашылық байқауы өтті.
Атаулы шара ақынның аудан орталығындағы Ғ.Қараш ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.
Сайыста жалпы саны 24 оқушы бақ сынады.
Шығармашылық байқаудың қорытындысында мәнерлеп оқу бойынша Альбина Жасқайратова «Бас жүлде» (Е.Ниетқалиев атындағы мектеп), І орын Дарын Дияр (Ғ.Қараш мектебі), Айсауле Қойшыбаева ІІ орын (М.Ықсанов атындағы мектеп-балабақша), Аслан Құзайыр ІІ орын (Ғ.Қараш атындағы мектеп), Айнара Нұрғалиева ІІІ орын (Б.Жәнекешев атындағы орта мектеп), Айзат Айтқалиева ІІІ орынды (Ұзынкөл орта мектебі) иемденді. Ал «Ең жас қатысушы» аталымын Ермұхан Ерболат (Тегісшіл ауылы), «Жаңа есім» аталымын Гүлләззат Табылдиева (Ө.Сахипов атындағы мектеп) алды.
Жас ақындар байқауының нәтижесі бойынша Нұрайна Аманғалиева «Бас жүлде» (Қазталов ауданы, Көктерек мектебі), І орын Әйгерім Мерғалиева (Е.Ниетқалиев атындағы мектеп), ІІ орын Дарын Дияр (Ғ.Қараш мектебі), ІІ орын Леля Қаражанова (Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы), Альбина Жасқайратова ІІІ орын (Е.Ниетқалиев атындағы мектеп), Дамиля Зейнолла ІІІ орын (Е.Ниетқалиев атындағы орта мектеп) иеленді.
Ал «Ең жас қатысушы» аталымын Айсауле Қойшыбаева (М.Ықсанов атындағы мектеп-балабақша), «Жаңа есім» аталымын Ұлпан Сағынғалиева (Ө.Сахипов атындағы мектеп) иемденді.
Жүлделі орын алған оқушылар дипломдармен, жетекшілері алғыс хатпен марапатталды. Байқаудан жүлделі орын алған жеткіншек ұрпақ өкілдері бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ә.Қуанғалиева
Жәнібек ауданы