21.07.2018, 10:55
Оқылды: 82

Жәнібекте ақын Жанғали Мырзәлиевті еске алу кеші өтті

IMG_0044Жәнібек аудандық балалар кітапханасында жерлес ақын Жанғали Мырзәлиевтің «Жапырақтан үзілген тамшыны жырлаған ақын» атты еске алу кеші өтті.


Кітапхана меңгерушісі Жанаргүл Тұяқованың кіріспе сөзімен ашылған кеш барысында сөз алған аудандық «Шұғыла» газетінің директор-редакторы Ахмедияр Батырханов ақын туралы ойын ортаға салып, оның туғанына 70 жыл толу қарсаңында газеттерде жарияланған, архивтерден тірнектеп жинаған өлеңдері мен әңгімелерінің басы құралып, таяуда «Асау» атты кітабы жарық көргенін, Жанғалидың өз қолымен жазылған өлеңдері мен ақынға қатысты басқа да құжаттарды көпшілік назарына ұсынды.

IMG_0003Әрі қарай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, БҚО тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің меңгерушісі Меңдігүл Фазылова, аудандық орталық аурухананың массаж кабинетінің меңгерушісі Мұхила Иманова, аудандық демалыс орталығы балалар мен жасөспірімдер бөлімінің басшысы, «Рухани қазына» кіші бағдарламасының менеджері Гүлжан Ниязалиева және басқалар Жанғали Мырзәлиев жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ жерлесіміз, ақын, күйші, өлкетанушы Дәулеткерей Құсайынов Астана қаласынан бейнекөрініс арқылы ізгі тілегін жолдады.

Мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Жанғали Мырзәлиевтің сөзіне жазылған ән орындалды.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале