17.07.2024, 16:17
Оқылды: 136

Жәнібекте асық атудан аудандық турнир өтті

Бүгін аудандық «Жәнібек» спорт клубында дүниежүзілік көшпенділер ойынын насихаттау мақсатында асық атудан ерлер арасында аудандық турнир өтті.

D5FB4763-BAD0-442C-B49C-5CF4ED698802

Тартысты додада Ақоба, Қамысты, Ұзынкөл, Тау, Күйгенкөл ауылдық округтерінен келген көзі қырағы спорт сүйер азаматтар бақ сынады.

Атаулы шараның ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, клуб директоры Бекжан Нығметов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік  тіледі. Сонымен қатар ол алдағы уақытта садақ ату алаңы ашылатындығын да тілге тиек етті.

Спорт жанашырларын ұлттық ойындарды дамытуға үлес қосуға шақырып, келем деушілерге есік әрқашан ашық екенін жеткізді.

E022B05F-54FB-4AFC-A7AF-105EB8E706D0

Сайыстың басынан-ақ Ақоба мен Қамысты ауылдарынан келген қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ұлттық ойынды дәріптеуде әдемі ойын өрнегін көрсетіп, қанжығаларын майлаған ойыншыларға диплом мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Соның ішінде жүлделі I орынды оқ бойы озып шыққан Т.Жароков атындағы орта мектебінің намысын қорғап шыққан спортшылар иеленді. II орынды Қамысты ауылынан келген асық атушылар алса, Таудан келген спорт сүйер жігіттер III орынды місе тұтты.

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале