Жәнібек ауылының ішіндегі қатқыл табанды жолдар орта жөндеуден өткізілуде. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хаирлиевтің айтуынша, жолдарды жаңарту, облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асуда.
Биыл қазан айынан бастап Ақсай қаласындағы «КПО Б.В» компаниясының қаржыландыруымен «Бірлік» ЖШС (Орал) жол жөндеу жұмыстарын бастады. Жөндеуге енген 9 көше, жолдарының жалпы ұзындығы 10 шақырым. Бүгінде жиырма бес жұмысшы 16 техниканы іске қосып асфальт төсеуде.
Әсемгүл ӘБДІЛДАҚЫЗЫ,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!