Жәнібек ауданының Қамысты ауылдық округінде күрделі жөндеуден өткен «Балбұлақ» бөбекжайының ашылу салтанаты оздырылды.
Шараға аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысып, ауыл тұрғындары мен балабақша ұжымын қуаныштарымен құттықтады. Сондай-ақ еңбек ардагері, Ы.Алтынсарин белгісінің иегері Тамара Үмітаева сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Лента қию рәсімін аудан әкімі Азамат Сафималиев пен еңбек ардагері, зейнеткер Бұрхан Өтеғалиев атқарды.
Мақаланың толық мәтінін газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Асқар Құсайынов,
Жәнібек ауданы,
zhaikpress.kz