1.05.2018, 16:46
Оқылды: 39

Жәнібекте бірлік мерекесі тойланды

DSC_0182Бүгін Қазақ елі 1 мамыр - ынтымақ  пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны бөлек. Ырыс пен ынтымақтың  мейрамын жәнібектік жұртшылық зор ықыласпен қарсы алды. Аудан орталығындағы алаңда 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні сән-салтанатпен аталып өтті.

Шара мерекелік шерумен бастау алды. Оған ардагерлер, этно-мәдени бірлестіктердің  өкілдері, мекеме-ұйым, кәсіпорын қызметкерлері, студент жастар мен оқушылар қатынасты. Қолдарына ту, жалаушалар, халықтар бірлігін айшықтайтын плакаттар ұстаған бірнеше лек шат-шадыман көңіл күймен орталық алаңмен жүріп өтті.

Шеруден соң ашық аспан астында  «Жәнібек сазы» халықтық фальклорлық ансамблі, халықтық оркестрі және ауданымыздың мектеп ұстаздары мен оқушыларынан құралған домбырашылар ансамблі Құрманғазының «Балбырауын», «Адай» күйлерін күмбірлетті. Әрмен қарай «Ақмаржан» халықтық би ансамблінің бишілері «Достық» биін тарту етті.

Мерекеге жиналған жұршылықты аудан әкімі Азамат Сафималиев  құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. «Ұлтаралық келісім мен бейбітшілік – біздің ортақ жетістігіміз және көп жағдайда елдегі қоғамдық өмір мен оның жаңа тарихының барысын анықтайтын ұлы құндылық. Азаматтық бейбітшіліктің қазақстандық үлгісінің халықаралық деңгейде мойындалуы да тегін емес. Қазір біздің елімізде 140 ұлт пен 17 конфессия өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Бәріміз бірге – біртұтас халықпыз, біздің әрқайсысымыз – оның бір бөлшегіміз. Қазақстандық бірегейлік пен патриотизм, азаматтардың этностық сипатына қарамастан, заң алдындағы теңдігі – біздің азаматтық болмысымыздың негізі»,- деді аудан басшысы. Мұнан соң аудан тұрғыны, армян қызы Фаина Абилова сөз алып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.  

Мейрам ел бірлігін, ұлттар достығын паш еткен концерттік бағдарламамен көркемделді. «Ақниет» әжелер ансамблі, «Надежда» ансамблі, саңылақ әншілер Тамара Кафарова, Ақан Ажығалиев, Мейрамгүл Дәулетқалиева, Дана Қаратаева, Асылан Боранбаев, Райымбек Каримов, Данабек Үмбетәлі, «Ақмаржан» халықтық би ансамблі, «Інжу» бишілер тобы халыққа өнерлерін паш етіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Ә.ҚУАНҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале