26.09.2024, 16:45
Оқылды: 52

Жәнібекте дәстүрлі «AgroSkills Oral-2024» чемпионаты басталды

Бүгін Жәнібек ауданындағы М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде «AgroSkills Oral-2024» салалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Чемпионатқа Ақжайық аграрлық-техникалық, Бәйтерек, Бөкей ордасы, Жалпақтал, Шыңғырлау, Тасқала және М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледждерінің командалары бақтарын сынауға келді.

773044DD-2B09-48D1-8881-FCB8F78FB450

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында қоғамға қажет, бәсекеге қабілетті, жан-жақты, құзыретті мамандар дайындауды мақсат ететін оқу орындарының жаңашылдыққа жаны құмар, білім бәсекесінде көштен қалмауға ұмтылатын жалынды жастарының басын қосқан дәстүрге айналған «AgroSkills Oral-2024» чемпионатының мақсаты айқын.

53994E38-4CD8-46D2-AE8C-0E16E4D823A2

Яғни, жастарды кәсіптік даярлау саласындағы әлемнің үздік тәжірибесін анықтау және ҚР техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу, Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа оқыту технологияларын енгізу және инновациялық процестерді ынталандыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша үнемі әдістемелік көмек арқылы Қазақстанның сарапшылық қауымдастығын дамыту, еңбек адамы дәрежесін және техникалық кәсіп мәртебесін арттыру саналады.

Аталған шарада Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының әдіскері Жанар Карманова, Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов, аудандық мәслихаттың төрағасы Тахир Кадимов, «Amanat» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев, Орал шаруашылық тәжірибелік станциясының суарылмайтын егін шаруашылығы және мал азығы өндірісі бөлімінің меңгерушісі Төлеген Бөлеков, аудандық мансап орталығының директоры Тимур Хамзин, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Асылбек Камашев пен колледж ардагерлері мен ауыл шаруашылық құрылымдардың өкілдері төбе көрсетті.

6D12050F-6B1F-4D04-8778-C3CB0803C774

Жиында Мирболат Бауыржанұлы сөз алып, чемпионаттың ашылу салтанатымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тілеп, кәсіптік бағдар механизмін, мамандарды даярлау, еңбек өнімділігін арттыру, халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологиялық мамандармен қамтамасыз ету жолындағы жыл сайын ұйымдастырылып отырған чемпионаттың рөліне баса тоқталды.

Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының әдіскері Жанар Сәбитқызы да жүрек жарды тілегін жеткізіп, чемпионнатты өткізуді өз жауапкершілігіне алған М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің директоры Берік Ықсановқа алғысын білдірді.

69A7DE11-96E9-4E7D-8BFF-5F127C156581

Ал чемпионаттың бас сарапшысы Асхат Үмбеталиев қатысушыларды «AgroSkills Oral-2024» салалық чемпионатының ережесімен таныстырды. Әрмен қарай аталмыш колледждің өнерлі қыздары әсем әнмен салтанатты ашылу шарасының нүктесін қойды.

Шараға жиналғандар колледж жанынан ашылған музейді аралап, білім беру ұйымының тыныс-тіршілігімен танысып, келген жаңа техникаларды көріп жоғары бағаларын берді.

Еске сала кетсек, аталмыш чемпионат 2018 жылдан бері дәстүрлі негізде үзіліссіз өткізіліп келе жатыр.

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале