Дауыс беру сағат 7.00-20.00 аралығында өтеді.
Бүгін Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум басталды. Жәнібек ауданы тұрғындары өздерінің референдум учаскелеріне барып, сайлауды бастап кетті.
№136 референдум учаскесінде таңғы сағат 06:55-те ҚР Мемлекеттік Гимні шырқалып, 07:00-де алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасады.
Бірінші болып дауыс берген ауданымыздың тұрғыны Жаңылғаным Қайырлиева:
«Мен, ҚР азаматшасы ретінде өзінің құқығымды пайдаланып, тарихи оқиғаның куәсі болып қана қоймай, оның жазылуына да атсалысып жатырмын деп есептеймін. Референдумға қатысып, таңдау жасау – әрбір азаматтың борышы деп санаймын, жерлестерімді де дауыс беруге шақырамын», - деді.
Бірінші дауыс берушіге сайлау учаскесі атынан шағын сыйлық табысталып, таңдау жасауға келгені үшін алғыс білдірілді.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы