28.09.2024, 11:00
Оқылды: 8

Жәнібекте «Еуропа-Азия-2024» туристік фестивалі өтті

Кеше Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен, аудандық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен 27 қыркүйек – Халықаралық туризм және 5 қазан – мұғалімдер күндеріне арналған білім қызметкерлері арасында «Еуропа-Азия-2024» аудандық туристік фестивалі өтті.

image-27-09-24-11-17-3

Фестиваль туристік-өлкетану бағыты арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, педагогтардың туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, Отандық патриотизмді қалыптастыру, білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибе жинақтау және тәлімгерліктің практикалық нысандарын дамыту мақсатында өткізіліп келеді.

image-27-09-24-11-17

Аталған фестивальге аудан мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдардан құралған 8 команда қатысты. Туристік фестивальдің бағдарламасы аясында «Туристік тағамдар», «Туристік тұрмыс және дағды», «Үздік команда көрсетілімі» бойынша жарысты. Нәтижесінде «Туристік тағамдар» байқауы бойынша 1-орынды Ғ.Қараш атындағы орта мектеп, 2-орынды Ғ.Абдуллин атындағы орта мектеп, 3-орынды Т.Жароков атындағы орта мектеп алды. «Туристік тұрмыс және дағды» байқауы бойынша 1-орынға Х.Халиуллин атындағы орта мектеп, 2 -орынға Ғ.Абдуллин атындағы орта мектеп, 3-орынға А.Оразбаева атындағы негізгі мектеп ие болды. Сонымен қатар «Үздік команда көрсетілімі» бойынша бірінші орын Х.Халиуллин атындағы орта мектебіне, екінші орын Ғ.Абдуллин атындағы орта мектебіне, үшінші орынды мектепке дейінгі ұйымдар еншіледі. «Өткелдер» қашықтығы бойынша І орын Т.Жароков атындағы орта мектебіне, ІІ орын Х.Халиуллин атындағы орта мектебіне, ІІІ орын мектепке дейінгі ұйымға бұйырды.

image-27-09-24-11-17-2

«Түнгі спорттық бағдарлау» қашықтығы бойынша 1-орын Т.Жароков атындағы орта мектебіне, 2-орын А.Оразбаева атындағы негізгі мектебіне, 3-орын мектепке дейінгі ұйымға берілді. Сол сияқты «Техникалық қашықтық» бойынша 1, 2, 3 орындарды Т.Жароков, Х.Халиуллин атындағы мектептер мен мектепке дейінгі ұйым өзара бөлісті. Жалпыкомандалық есеп бойынша Т.Жароков атындағы орта мектептің командасы бірінші орынға ие болды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале