«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Біржан Қуанәлиевтің төрағалығымен «AMANAT» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті. Оған «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық мәслихаттың депутаттары мен бөлім басшылары қатысты.
- Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылдың 1 наурызында өткен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде партияның атауы өзгеріп, «AMANAT» болып бекітілді. Аталмыш съезде партия жұмысын жетілдіру үшін 7 негізгі басымдық қабылданған болатын. Бүгінгі фракция отырысын осы басымдықтардың 1, 2, 4 басымдықтары бойынша өткізгелі отырмыз, - деді кіріспе сөзінде Біржан Қайырғалиұлы.
Күн тәртібінде қаралған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты «AMANAT» партиясының Жәнібек ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы» бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Азамат Сафималиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының жаңадан құрылған қоғамдық кеңестерінің құрамын таныстыру және депутаттардың рейтингісі туралы» екінші мәселе бойынша аудандық филиал хатшысы Біржан Қуанәлиев хабарлама жасады.
- Өткен съезде айтылғандай, партия төрағалығы да алдағы уақытта ауысатын болады. Бұл дегеніміз, жетекші партиямыз «AMANAT-тың» алдында үлкен жүк пен міндеттердің тұрғандығын көрсетеді. Жаңа Қазақстанды құру баршамыздың ортақ міндетіміз десек, «AMANAT» партиясының жанына топтасып, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуі жолында аянбай қызмет етуге шақырамын, - деді отырысты қорытындылаған төраға.
А.Есіркепов,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz