3.07.2024, 16:00
Оқылды: 99

Жәнібекте футболдан жазғы лига басталды

Жәнібекте аудан әкімдігі және «Жәнібек» спорт клубының ұйымдастыруымен футзалдан жазғы лиганың ашылуы болды.
D0712BB2-3D8C-4F71-BD8B-D6300E9BA56F
Турнирге алты команда қатысып, бақтарын сынап жатыр. Атап айтсақ, «Өнеге», «Ақбастау», «Райана», «Ниетқалиев», «Элита», «Шиномонтаж» командалары қатысуда.
Турнирдің ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрболат Садырбаев пен «Жәнібек» спорт клубының директоры Бекжан Нығыметов сөз сөйлеп, командаларға жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінуге тілектестіктерін білдірді.
Теңбіл доп додасында алғаш болып «Ниетқалиев» пен «Райана» командалары лига шымылдығын ашты. Нәтижесінде «Ниетқалиев» командасы 2:6 есебімен «Райана» командасына жол берді. Келесі қарсыластар «Шиномонтаж» және «Өнеге» командалары тең түсіп, әдемі ойын өрнегін көрсетсе, «Элита» командасы «Ақбастауды» 8:3 есебімен ойсырата жеңді.
Бану Самат
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале