23.04.2025, 23:30
Оқылды: 176

Жәнібекте генералдар аллеясы бар

​Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Жәнібек ауданына келген «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы мен мүшелері сапарды «Түлектер» саябағында тал-терек отырғызумен тәмамдады. Жәнібек ауданына келген генералдың әрқайсысы бір-бір теректен отырғызып, Жәнібек ауданының тарихында қалды.

image-23-04-25-07-33-4

Енді Жәнібек саябағында генералдар аллеясы бар. Генералдар аудан жастарымен естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді. Соңында «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төралқа төрағасы Бексұлтан Сәрсеков пен оның орынбасары Өміртай Бітімов Жәнібек ауданының тарихы керемет, өздері де жақсы әсерде қалғандарын айтып, ауданға «Қаһарман аудан» мәртебесін заң жүзінде беру мәселесі күн тәртібінен түспейтін жеткізді.

image-23-04-25-07-33-1

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале