15.07.2024, 17:45
Оқылды: 153

Жәнібекте интернет-алаяқтыққа қатысты түсіндірме жұмысы жүргізіліп жатыр

Бүгін Жәнібек аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция лейтенанты Бейбарыс Санатов аудандық «Шұғыла» саяси-қоғамдық газеті мекемесіне келіп, соңғы кезде кең етек алған интернет-алаяқтықтан сақтану тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
2C670414-27ED-44F3-97DB-562E103478AB
«Бүгінде алаяқтықтың сан түрі бар. Әрекеттері әшкере болғаннан кейін жаңа тәсілдерге көшіп отыратын олар, бұрынғыдай банк қызметкері я емханадан хабарласып тұрмыз деп әуре болмайды. Оңай олжалы болғысы келетін азаматтар тобын нысанаға алып, ірі компаниялардың акциялары есебінен халыққа ақша таратылып жатқандығын, өз үлесін алу мақсатында заңгерлердің қызметі я басқа да төлемдер жасау қажеттігін айтып, белгілі бір шотқа қаражат аударуларын сұрайды.
57DBA47E-5542-459C-A61F-3AB8FCCFE3FA
Тіпті болмаса белгілі кәсіпорындардың акцияларын алып-сату арқылы пайда көруге болатындығын айтып, бір жолғы жасаған төлеміңізді екі еселеп қайтарып береді де әрі қарай ірі төлемдер жасауыңыз үшін әрекет етеді. Осы іспеттес әрекеттерді байқасаңыз бірден 102 нөміріне хабарласуыңыз, құқық қорғау қызметкерлерінің растауынсыз ешқандай әрекет етпеулеріңіз сұралады.
Одан бөлек өзіңізге бейтаныс тіпті таныс адамдарыңызға жеке басыңыз туралы ешқандай ақпарат бермеңіз, өзіңізге білмейтін сілтемені ашпаңыз, түсініксіз ақша аударымдарын жасамаңыз және ешқандай белгісіз қолданбаларды ұялы телефоныңызға жүктемеңіз (соның ішінде Any Desk, TeamViever). Жақындарыңыздың қиындыққа тап болғаны жайлы ақпарат түссе алдымен өзіне хабарласып растап алыңыз. Ең бастысы нақты ақпарат көздеріне ғана сүйеніңіздер», - деп сөзін қорытқан аудандық полиция бөлімінің қызметкері аудан айнасына айналған газет редакциясы ұжымынан халықты барынша сақтандырып, көбірек ақпарат таратуын сұрады.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале