4.02.2021, 19:01
Оқылды: 30

Жәнібекте іргелі істер кезең-кезеңімен жүзеге аспақ

Жәнібек ауданында әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында биыл Майтүбек ауылында су құбырының құрылысы басталады. Оған республикалық бюджеттен 219 млн. 19 мың теңге қаражат бөлінді.

IMG_0674

Ал Еңбекші ауылындағы ауыз су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. «Жәнібек – Талов – Кіші Өзен» автомобиль жолының 25 шақырымының 13,3 шақырымы орташа жөндеуден өткізіліп, қалғаны 2021 жылы жөнделетін болады. Сондай-ақ 2021 жылы Жасқайрат ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 113 194 мың теңге бөлінді.

IMG_9638

Ал Жәнібек ауылындағы екі қабатты он екі пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жазда аяқталады.

Аудан басшысының айтуынша, ауданда атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын шаруалар қатары аз емес. Сол себептен жоспарланған жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылатын болады.

 

Г.Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале