12.03.2025, 0:00
Оқылды: 228

Жәнібекте ісмерлікті серік еткен нәзік жандарға құрмет көрсетілді

Жалпы елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Еңбекқор жандар әрдайым өз ісінің шыңына шығып, айналасының құрмет-қошеметіне бөленеді.

image-11-03-25-07-46-2
Күні кеше Халықаралық әйелдер күнінде аудандық мәдениет үйінде «Сән мен сымбат» атты сән көрсетілімі өткен болатын. Аталған көрсетілімде ісмер Әлия Қадырова мен Айдана Нарынова өз қолдарынан шыққан туындыларын көрсетті. Өнерлерін жоғары бағалаған аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов бүгін ісмер келіншектерді қабылдап, ризашылығын білдірді.

0164221f-0996-4f93-8c78-deb50a2cce2f

Еркін форматта өрбіген емен-жарқын жүздесуде Жаннұр Бекбауұлы қоғам қажетіне жарап, өз мамандықтарынан бөлек ісмерлікті серік еткен нәзік жанды арулардың еңбектерін ерекше бағалайтынын, аталған жұмыстар ауданда ғана емес облыс, республика көлемінде көрсетуге тұрарлық туындылар екендігін, қандай да бір қолдау керек болса, әрқашан көмекке әзір екенін жеткізді.

image-11-03-25-07-46
Аяулы жандарға деген құрмет мұнымен шектелген жоқ. Аудан әкімінің орынбасары өзінің жылы лебізін білдіріп, алғысхат пен гүл шоқтарын тарту етті.
Басқосу соңында құрметке бөленген іскер жандар ерекше ризашылықтарын білдірді.

Бану Берікқали
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале