17.11.2023, 22:17
Оқылды: 22

Жәнібекте қаржыгерлер марапатталды

Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде экономикамызға қызмет етіп келген ұлттық валютамыздың енгізілген күні ауданымызда айрықша тойланған еді. Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде шаралардың жалғасы болған ерекше жиын өтті. Аудан әкімі Тимур Шиниязов аудандағы қаржыгерлерді қабылдап, алғысын айтты. 

FB_IMG_1700231098843

- Құрметті қаржы саласының қызметкерлері және ардақты сала ардагерлері! Сіздерді ұлттық теңгеміздің отыз жылдық мерекесімен, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлттық валюта – ұлттық экономиканың іргетасын қалауға ықпал етті. Теңгеміз тарихында тәуелсіз елдің экономикалық негізі егемендіктің белгісіне айналып, мемлекетіміздің басты рәміздерінің бірі ретінде ел дамуына әсер етіп, елеулі үлес қосуда,- деді өз сөзінде.

FB_IMG_1700231108781

Лебіздер айтылған мерекелік жиын марапаттауға ұласты. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариевке Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың, аудандық білім беру бөлімі бас есепшісінің орынбасары Балжан Құсайыноваға, Тау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ғалия Тұяқоваға, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бибігүл Харесоваға, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Шолпан Аяповаға, Жәнібек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сәуле Жақсығұловаға облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің алғысхаты табысталды.

FB_IMG_1700231085589

Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұханбетовтың, облыс бойынша қазынашылық департаментінің басшысы Ермек Сүйербаевтың, облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиевтің құрмет грамотасы мен алғысхаттары берілді.

Аудан басшысы Тимур Серікұлы өз атынан аталған салада еңбек еткен ардагерлерді және бір топ маманды марапаттап, тілегін жеткізді. Жиын соңында "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев сөз сөйледі.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале