20.06.2024, 19:00
Оқылды: 140

Жәнібекте кезектен тыс сессия өтті 

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтіп, оған депутат Тахир Қадимов төрағалық етті.

IMG_0707

Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов, жеті депутат офлайн, екі депутат онлайн ЗУМ платформасы арқылы қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес сессия жұмысы тікелей онлайн режимде көрсетілді. Сессияда Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған Жәнібек ауылдық округінің бюджеті туралы» №15-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев хабарлама жасады. «Аудандық мәслихаттың 2024 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары туралы» және Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қарашадағы «Аудан әкімі жанындағы жастар кеңесінің құрамы туралы» №13-10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды.

IMG_0710 (1)

Күн тәртібіндегі мәселелер бұған дейін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланып, сессияның жұмысына жолданғандықтан, депутаттар оларды бірауыздан бекітті.

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале