19.04.2021, 12:06
Оқылды: 48

Жәнібекте кезектен тыс V сессия отырысы өтті

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс V сессия отырысы өтті. Сессияда күн тәртібі бойынша бірнеше мәселелер қаралды. Сессия жұмысына аудан әкімі Азамат Сафималиев, депуттар, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.

9232C89A-A9E1-4BB1-B2EF-7EAADA2A86F4

Алқалы жиында Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Жәнібек ауданына қарасты ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселесі қойылды. Қаралған мәселе хақында әр округтің әкімдері сөз алып, хабарлама жасады. Сондай-ақ өз кезегінде аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 28 маусымдағы аудан әкімдігі жанындағы бірқатар комиссия отырыстарына өзгерістер енгізу үшін мәселелер қаралды. Бұдан кейін жиналысқа қатысушылар қаралған мәселелер хақында өз сауал-ұсыныстарын жолдап, толыққанды жауаптар алды.

Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Т.Қадимов қорытындылады.

Бақытжан Маратұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале