4.12.2024, 17:45
Оқылды: 13

Жәнібекте комиссия отырысы өтті

Жәнібекте аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті.
image-04-12-24-02-14-2
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа комиссия мүшелері офлайн, Ұзынкөл, Ақоба, Күйгенкөл ауылдық округтердің әкімдері онлайн қатысты.
Күн тәртібінде жеті мәселе қаралды. Ақоба, Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдарының әкімдері округтегі белсенді әйелдердің үлесі туралы хабарлама жасады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Райгүл Тастенова мүмкіндігі шектеулі әйелдерге, жалғызбасты аналарға аудан көлемінде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы баяндады.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалғызбасты аналар мен толық емес отбасыларға арнаулы жәрдемақылар көзделмеген, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер барлығымен бірдей беріледі.
image-04-12-24-02-14
– Алайда, барлық аналар сияқты, жалғызбасты аналар да баланың туылуына байланысты тағайындалатын біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, жас жарымға толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы. Жалғызбасты аналар мен толық емес отбасылар, яғни халықтың әлеуметтік осал тобының мүшелері үшін мемлекеттік тарапынан тұрғын үй кезегіне тұру жеңілдігі қарастырылған. Бұдан басқа, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы, үйде оқытылатын мүгедектігі бар балалардың шығындарын өтеу, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмектерді тағайындау, инватакси қызметі, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен қамтамасыз ету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету көзделген. Жыл басынан 3 бала 4380 дана міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді және 1 жалғызбасты ана санаторийлік-курорттық емделу жолдамасымен Орал қаласындағы Ақжайық санаториясында демалды, - деді Райгүл Исатайқызы.
​«Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Елемесова бірлестіктің жұмысы туралы слайд арқылы баян етті. Қоғамдық бірлестіктің өткізген шаралары газеттің әлеуметтік желідегі парақшаларында үнемі жарық көріп келеді.
Сонымен қатар күн тәртібінде аудандық полиция бөлімінің зорлық-зомбылықпен күрес тобының испекторы, полиция аға лейтенанты Балқия Тұрашева әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар хақында айтып өтті.
​«Жәнібек ауданы көлемінде әйел адамдарға қарсы жасалынған ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы, яғни «Отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер» бойынша 26 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі 73-2 бабы (ұрып-соғу) алып тасталып, орнына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109 бабы (ұрып соғу) енгізілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі 73-1 бабы (денсаулыққа қасақана түрде жеңіл зиян келтіру) алып тасталып, орнына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108 бабы (денсаулыққа қасақана турде жеңіл зиян келтіру) енгізілді.
Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері немесе хабарламаларының келіп түсуі, ішкі істер органы қызметкерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету фактісін тікелей анықтауы, мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар және де бұқаралық ақпарат құралдарындағы, сондай-ақ онлайн-платформалардағы зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарламалар негіз болып саналады.
image-04-12-24-02-14-1
Бүгінгі таңда Жәнібек аудандық ауруханасымен бірлесе отырып, жәбірленушілерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленді және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға наркологиялық, психологиялық, психиатриялық емдеу-профилактикалық көмегі көрсетілді», - деді Балқия Маратқызы.
Сол сияқты аудандық аурухана директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Арайлым Молдағалиева жастар арасында түсіктің алдын алу  және әйел денсаулығы туралы баяндады.
– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 12 қазандағы №122 бұйрығына сәйкес жүктіліктің 12 аптасына дейін, сонымен қатар әлеуметтік көрсеткіштер бойынша 22 аптаға дейін медициналық көрсеткіштер қарай жүктілік мерзіміне қарамастан аборт жасауға рұқсат береді.
​Биыл аудан бойынша бір медициналык түсік, дамымай қалған жүктілік кесірінен 14 түсік жасалды. Аудандык аурухананың акушер-гинеколог дәрігері Лаура Бекмәмбетова, салауатты өмір салты дәрігері Сағыныш Елемесова Т.Жароков атындағы орта мектебінде, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде, №1 мектеп-лицейде «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырып, тақырыпты кеңінен түсіндірді, - деді Арайлым Құмарғалиқызы.
Жиын соңында ұсыныс-пікірлер айтылып, баяндамашыларға сұрақтар қойылды.
Комиссия отырысын Жақсылық Каримоллаұлы қорытындылады.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале