23.07.2024, 15:15
Оқылды: 125

Жәнібекте көпбалалы анаға «Күміс алқа» табысталды

Бүгін Жәнібекте аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 582 Жарлығына сәйкес жәнібектік көпбалалы ана Әсемгүл Иманғалиеваға «Күміс алқа» мен куәлік табыстады.
DBFA49D3-33DB-4773-9300-1836D79EC2D0
Мирболат Бауыржанұлы ел демографиясына үлес қосып отырған көпбалалы ананың деніне саулық, отбасына амандық тіледі.
– Шаңырақтың шаттығы мен берекесін келтіріп, әр үйдің шамшырағы болып отырған аяулы аналардың қоғамдағы рөлі қашан да бөлек. Сізге ең бірінші сарқылмас саулық тілеймін. Ұрпағыңыздың қызығын көріңіз, - деді ол.
Өз кезегінде екі ұл, төрт қыз тәрбиелеп отырған Әсемгүл Асылбекқызы Мемлекет басшысына, аудан әкіміне алғысын білдірді.
Бану Берікқали
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале