Жәнібек ауданындағы М.Ықсанов және Ғ.Абдуллин атындағы мектептердің ғимаратына жоспарға сай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалинаның мәліметінше, тендерде аталған екі мектептің құрылысына қатысты конкурсты мердігер «Қалдығайты» ЖШС жеңіп алған. М.Ықсанов атындағы орта мектептің ғимаратын жаңарту жұмыстарына 270 млн. 659 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындардан 39 адам тартылды.
Ғ.Абдуллин атындағы орта мектеп ғимаратына 147 млн. 427 мың теңге бөлініп, жергілікті 21 адамға жұмыс табылды. Жөндеу жұмыстары 25 тамызда аяқталады деп күтілуде.
Ә.Сірәлі,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz