8.11.2024, 12:00
Оқылды: 183

Жәнібекте МӘМС жүйесі бойынша 25 пациентке тегін ота жасалды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – денсаулық сақтау жүйесінің құзырындағы мәселелердің қорғаныштық әлеуметтік формасы.  Бұл жүйе арқылы сақтандырылған әрбір пациент жасына, әлеуметтік жағдайына, табыс көзіне қарамастан медициналық қызметтерге және дәрілік препараттарға бірдей мүмкіндік ала алады.

IMG_1147

Сурет: pixabay.com

Көптеген дамушы елдер әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы жүргізілген денсаулық саласы қызметінің сапалы болуын аңғарған. МӘМС жүйесінің денсаулық сақтау жүйесі үшін тиімділігі өте зор. Жәнібек аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Гүлназ Арманқызының айтуынша, биыл 10 айда МӘМС жүйесі бойынша Жәнібек аудандық ауруханасында барлығы 25 пациент тегін ота жасау қызметіне қол жеткізген.

Соның ішінде 19 пациентке ота хирургиялық аурулары бойынша жасалса, 7 пациентке гинекологиялық профиль бойынша ота жасалған.

Аталған пациенттердің онына жоспарлы түрде ота жасалса, 9 пациентке шұғыл түрде ота жасалды. Аяқ-қолдардағы флегмона бойынша 7 пациентке, аппендицит бойынша 2, іш қуысының жарығы бойынша 4 пациентке, асқазан жарасы бойынша 1, пневмония кезіндегі плевральды пункция 2 науқасқа, іш қуысының ашық жарасы бойынша 3 пациентке ота жасалды.

Ал гинекологиялық тұрғыдан, баланың жамбаспен келуіне байланысты кесарь-тілігіне 4 пациент медициналық қызметке қол жеткізген.

Жасалған оталар сәтті, еш асқынусыз өтті. Әлбетте, бұл МӘМС жүйесінің денсаулық саласындағы зор мәнін дәлелдейді.

Айта кету керек, Қазақстанда МӘМС жүйесі арқылы пациенттер профилактикалық тексерістен өтуге, жеке мамандарға жолдама алып, қаралуға, созылмалы ауруы бар пациенттер үшін динамикалық бақылауда болуға, стоматологиялық көмекке қол жеткізе алуға, диагностикалық зерттеулерге мүмкіндік алуға, жоғары технологиялық қызметтер мен стационарлық медициналық көмекке жүгінуге, медициналық реабилитацияға, тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік ала алады.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале